$ 441.58  480  4.86

ШҚО-да көлігі суға батып кеткен жүргізуші көлігін жолаушысымен бірге өзенге тастап кеткен

Қатон-Қарағай ауданында көлік жүргізушісі жол апатынан кейін есінен танып қалған жолаушыны оқиға орнында тастап кеткен деп жазады ustinka.kz.

Анықталғандай, ер адам бұдан бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған. Соған қарамастан, қайта көлік тізгініне отырған.

Көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, өзенге құлаған. Жол апаты салдарынан көліктің ішіндегі жолаушы жарақат алып, есінен танып қалады. Алайда, жүргізуші ер адамға алғаш көмек көрсетпестен оны көлікпен бірге өзенде тастап кеткен.

Жолаушы оқиға орнында көз жұмған.

Ендігіде көлік жүргізушісі бір жарым жылға бас бостандығынан және 3 жылға жүргізушілік куәлігінен айырылуы мүмкін.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары