Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы бір кездері өзін жұмысқа орналасуына себеп болған әріптесіне айлығының жартысын беріп отыруға мәжбүр болған. Бұл туралы ол Facebook әлеуметті желісіндегі парақшасында баяндады.
«Неге дейсіздер ғой. Себебі, ол менің жүргізіп жүрген бағдарламама басшылыққа айтып, жанына алды. Оның сөзімен айтқанда «жанашыр әпкем». Сол үшін өмір бойы қарыздармын. Ол кезде жаспын, аңқаумын, сенгіштігім тағы бар. Солай болу керек шығар деп жүрдім. Бірде Инна Викторовна осыны біліп қойып, әбден ұрысты. – Сен бір ай бойы күндіз-түні жұмыс жасайсың. Костядан естідім айлығыңның жартысын береді деп. Не үшін? Сенің бұл еңбегің! Екінші рет берме! – деп, қадап тұрып айтты», – деді журналист.
Кейін әлгі әріптесі Ресейге кеткенде Дәулетбекқызы 20 бағдарламаны өзі түсіріпті. Демалыстан оралған «жанашыры» тележүргізушінің берген 17 мың теңгесін бетіне лақтырған. Бұл жағдай басшылыққа жетіп, тележүргізуші кейін ақша беруін доғарыпты.