06.10.2018, 04:56

Алматыда су жаңа Toyota Camry 70 автокөлігі аударылып, жол жиегіне шығып кетті (ВИДЕО)

Алматыда су жаңа Toyota Camry 70 автокөлігі аударылып, тротуарға шығып кетті. Куәгерлер төңкеріліп жатқан көлікті видеоға түсіріп, Instagram әлеуметтік желісі арқылы таратуда.

Видео авторының айтуынша, автокөлік Достық көшесінің бойында жол көлік оқиғасына ұшырапты. Көлік айтарлықтай зақымданған. Ал, оның ішіндегі жүргізушісінің жайы белгісіз. Оқиға орнында полицейлер мен жедел жәрдем станциясының жұмыс істеп жүргенін көруге болады.