Алматыда полицейлер бір ай бұрын Ақтөбеде із-түссіз жоғалып кеткен балабақша тәрбиешісін тапты деп жазады «Диапазон».
24 жастағы егіздің анасы жұмыстан шыққаннан кейін үйге оралмаған.
«Іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе облысының ІІД қызметкерлері жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 1994 жылғы Мұқанбетжанова Айдана Сандыбекқызын Алматыда тауып алған», - деді ІІД өкілдері.
Полиция қызметкерлері істің мән-жайын толық айтқан жоқ. Алайда кейбір мәліметтер бойынша, келіншек жеке мәселесімен басқа қалаға кетіп қалған.