07.10.2018, 10:50

Уақытша ұстау изоляторының басшысы Астана-Көкшетау атвобекетінен кассадағы ақшаны тонап кетті

Ақмола облысының уақытша ұстау изоляторының басшысы Астана-Көкшетау тасжолындағы автобекетке шабуыл жасап, кассадағы ақшаны тонап кетті деп жазады Tengrinews.kz. Бұл ақпаратты ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев растады. 

Басқыншы бетін бет пердемен жауып алған. Кассир қызметкеріне тапаншамен қоқан-лоқы көрсетіп, екі миллион теңгеден асатын соманы алып кеткен. 

Оқиға 5 қазанда болған, дәл сол күні ІІМ криминал бөлімінің полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына жеткізген. 

«Амал не, күдікті Шортанды аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторы басшысы болып шықты. Қылмыс құралы, тіркелген карбина және ұрланған ақша тәркіленді», - деді Сәдубаев.

Сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр. 

«Қызметкерімнің мұндай әрекетке барғаны үшін дұйым жұрттың алдынан кешірім сұраймын», - деді ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.