07.10.2018, 11:27

Алатау баурайына балаларға арнап тастан қамал салған қария қайтыс болды

Алатау баурайында балаларға арнап тастан қамал салған Иван Плотников дүниеден өтті деп хабарлады қазақстандық басылымдар. Алматыдағы ауруханалардың бірінде оған қыркүйектің 26-сы күні ота жасалған, бірақ «ұзақ жылғы еңбектен және қарттығына байланысты әлсіреген оның ағзасы операцияны көтере алмаған».

Көпшілікке «Ваня ағай» («Дядя Ваня») есімімен белгілі Иван Плотников 30 жыл бойы Алматы қаласының іргесіндегі Ақсай шатқалында тастан орта ғасыр заманындағы қамалдарға ұқсас құрылыс тұрғызған. Өз айтуынша, құрылысқа 90 тоннаға жуық цемент пайдаланған, оны құрылыс басына өзі тасып жеткізген. «Ваня ағай» бастаған қамал құрылысын қазір еріктілер жалғастырып жатыр.

Дереккөз: Аzattyq.org