$ 444.32  473.33  4.76

Дағыстандықтар Макгрегорды жеңген Хабибтің жеңісін көше ортасында тойлады (ВИДЕО)

Дағыстандықтар ресейлік боксшының Конор Макгрегорды жеңгені үшін, автокөлік жүре алмайтындай көшелерді толтырып, жеңісін тойлатып жатыр деп жазады Tengrinews.kz.

Жүздеген адам жол бойында «Хабиб – чемпион», «Тек алға!» деп ұрандатып, жерлесінің жеңісін атап өтіп жатыр. 

Боксшының отанында оның жекпе-жегін тіпті кинотеатрларда көрсеткен екен. Көше бойында полиция патрульдері де жүр. 

Еске сала кетейік, чемпиондық жекпе-жекте ресейлік спортшы қарсыласын төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, өз атағын қорғап қалды. Дегенмен кездесу соңынан қызуқандылыққа салынғаны үшін чемпиондық белбеуді табыстау рәсімі өткен жоқ. Алайда, жекпе-жек соңынан Хабиб ирландиялық спортшының командасына қарсы шығып, жаппай төбелеске ұласты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары