Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың екі қызының атын өзі қойған еді. Енді кіші ұлы Аянның тұнғышына да ерекше есім қойып, қуанышымен бөлісіп отыр. Бұл туралы продюсер өзінің Instagram-парақшасында жазды.
«Жұма күні, намаз басталарда дүние есігін ашқан немеремді Ақмөр деп атадым. Олай деуімнің себебі, анам қыз тусаң атын осылай атасаң екен деп еді.
Бұл сөздің мағынасы қалай дегенімде «Алланың жіберген таңбасы» деген болатын. «Бір жапырақ түссе де, Алланың қалауымен» деген. Қанша жерден ағаларымның қыздарына қоямын десем де, өзге немерелеріме қоямын десем де реті келмей жүрген есімнің, бүгін Алланың қалауымен реті келген екен. Құттықтауларыңыз үшін менен мың тағзым!», - деп жазды Айбарбекова желідегі парақшасына.
Айта кетейік, Аян Нұртастың келіншегі қазанның 5-і күні аяқ-қолын бауырына алған болатын.