19.08.2015, 11:03

Есімов «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының топ-менеджментін екі есеге қысқартты

m.khabar.kz

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов ұжымға жаңа ұйымдастырушылық құрылымды ұсынды.

Басқарма төрағасының орынбасарлары бестен үшке, басқарушы директорлар саны тоғыздан төртке қысқарды.

Сондай-ақ бірқатар департаменттерге қатысты өзгертулер орын алды. Нәтижесінде ұлттық компанияда 20 департаменттің орнына 18 департамент және «Құрылыс дирекциясы» филиалы жұмыс істейтін болды.

Ахметжан Смағұлұы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-ның қазіргі құрылымы айтарлықтай жеңілдетілген және атқарымдардың қосарлануы мен көп сатылылығын болдырмайтындығын ескерте кетті.

Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметовтың айтуынша, жалақының жылдық қоры 150 млн теңгеге қысқартылған.

Айта кетейік Ахметжан Есімов өткен аптада елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының өкімімен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы болып тағайындалған еді.

Оған дейін Алматы қаласының әкімі болып қызмет атқарған. Ал «Астана ЭКСПО-2017» компаниясына бұған дейін Талғат Ермегияев, Әділбек Жақсыбеков басшылық етті.

Дүйсенбі күні елбасы Ахметжан Есімовті қабылдап, қойылған міндеттердің ауқымдылығын айта келіп, оларды дер кезінде және сапалы жүзеге асыру қажеттігін атап өткен болатын.

Кездесу кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берген еді.