$ 447.4  477.55  4.76

Әкім: Шымкентке келген қонақтарды «кетпеймін» деп жылайтындай етуіміз керек

Шымкент қаласына жаңа тағайындалған әкім Ғабидолла Әбдірахымов қаланы қалай гүлдендіретінін айтты.

Оның айтуынша, Шымкент қаласының халқына қызмет істеу үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік.

«Ең алдымен туған қалама осындай лауазымды қызметке жібергені үшін президент Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен алғысымды білдіргім келеді», – деп атап өтті әкім.

Қала әкімі Шымкент қаласы президенттің ерекше назарында екенін, қаланы дамытуға тапсырмалар бергенін атап өтті.

«Шымкент қаласын тек Қазақстандағы емес, әлемдегі ең бір әдемі, қолайлы, күндіз-түні қалада адамдар қыдырып жүретін, Шымкентке келетін адамдар қайтып кеткісі келмейтіндей қала қылуымыз керек. Қала қонақтары «қала деген осындай болуы керек» деп айтуы керек. Жылап, қоштасарда «кетпеймін» деп айтатындай ету қажет», – дейді жаңа әкім.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары