$ 444.32  473.33  4.76

Талдықорғандағы екі сауда орталығы өртенді

Талдықорғанда екі сауда орталығында өрт шықты, - деп хабарлайды24KZ қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Болашақ» пен «Мир обуви» сауда орталықтарында өрт 18.55-те шыққан. 2,5 мың шаршы метр ауданды өрт шалды. Тілсіз жауды ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 80 адамы жұмылды, сонымен қатар өрт сөндіру техникасы мен қалалық коммуналдық қызметтердің машиналары тартылды. Сонымен бірге, мародерлік жағдайлардың жолын кесуге 500 полиция мен ішкі әскер сарбаздары жұмылды.

Өрт 21.20-да сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен келген материалдық шығын әзірше анықталмады. Алдын ала нұсқа бойынша, өрт сауда үйлеріне жақын маңдағы қоқыс багының жануынан шыққан. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. "Жергілікті атқару органдары зардап шеккен тұлғалардың тізімін жасап жатыр - барлығы 114 кәсіпкер. Олармен арнайы жұмыс жүргізіледі, құқықтық кеңес беріледі, барлық қажетті шара жүргізіледі", - деп мәлімдеді қала әкімінің баспасөз хатшысы Ғалыммұрат Жүкел. 

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары