$ 481.84  531.33  5.07

Алматыда Mercedes аударылып қалды

Алматыда екі көлік соқтығысып қалды деп хабарлайды құқық қорғау органдары.

Жол апаты кеше түнде Әл-Фараби даңғылында Назарбаев даңғылына жетпей болған. Audi Әл-Фараби бойында жолға шыға бергенде, шығыс бағытта Mercedes S-класс жылдамдықты асырып келе жатады. Жүргізуші алдынан шыққан көлікті соңғы сәтте ғана байқап, бір-ақ соғылады.

Қатты соққыдан Audi шыр көбелек айналып, бордюрге соғылып, бағананы қағып кете жаздады. Ал Mercedes сол жақ шеткі жолаққа қарай ұшып, бордюрге соғылды да, аударылып қалды.

Mercedes жүргізушісі мен Audi көлігіндегі жолаушыны дәрігерлер қарап шықты, ауруханаға жатқызудың қажеті болған жоқ.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары