Менингит диагнозымен ауруханаға түскен сарбаз Маңғыстау облыстық ауруханасының жалпы жансақтау бөліміне ауыстырылды деп хабарлайды аурухана басшының орынбасары Үміт Ілиясова.
«Сарбаздың жағдайы әлі де ауыр. Әлі есін жиған жоқ. 6 қазан күні жалпы жансақтау бөліміне ауыстырылды», - дейді облыстық аурухана басшысының орынбасары.
Еске сала кетейік, 30 қыркүйек күні №6656 әсери бөлімінің сарбазы «Менингококк инфекциясымен» Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген болатын.
Дереккөз: Inaktau.kz