$ 490.84  536.88  5.04

Түркістан облысында ер адам өзінің үш жасар қызын зорлап өлтірді

Түркістан облысында 40 жастағы ер адам үш жасар өз қызын зорлап, кейін қасақана өлтірген деп жазады NUR.KZ.

Жұрттың жағасын ұстатқан бұл жағдай қазан айының 6-сы күні болған.

1978 жылы туған ер адам мас халде туған перзентін айуандықпен азаптап, мерт еткен. Күдікті оқиға болған жерде-ақ қамауға алынды.

Қазан айының 8-і күні сот санкциясымен қаныпезер әке тергеу уақытында екі ай мерзім қамауда болады.

Күдіктіге ҚР ҚК нің 120 бабының, 2-ші бөлігі «кәмелетке толмағанды зорлау» және 99 бабының 3,5,14-ші бөліктерімен «шарасыз халдегі, кәмелетке толмаған тұлғаны қасақана өлтіру» бойынша айып тағылуда.

Белгілісі, әкесі зорлап, қорлап өлтірген үш жасар қыз бала отбасындағы жалғыз перзент болған.

Күдікті бұрын сотты болмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары