$ 498.34  519.72  4.85

Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегі болмауы мүмкін

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші кездесуі болмауы мүмкін деп жазады ҚазАқпарат.

Boxingnews24.com тілшісі Шон Джонстың пікірінше, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің трилогиясы болмауы мүмкін.

«Головкин үшінші кездесуді күтіп отырғаны түсінікті. Алайда Golden Boy бұған қызығушылық танытып отырған жоқ. Олар желтоқсанда Филдингпен кездесу ұйымдастыруға ынталы. Ал WBC «Канелоның» міндетті қарсыласы ретінде Головкин - Чарло жұбын санкциялады. Дегенмен «Канелоның» WBC титулын осы осы жұптың жеңімпазымен өткізетініне ешқандай кепілдік жоқ. Сондықтан Головкиннің «Канеломен» тағы бір рет кездесуі үшін Чарломен жұдырықтасуы бос әурешілік болуы да мүмкін», - деген пікірде автор.

Альварес-Филдинг кездесуі Нью-Йоркте 15 желтоқсанда өтеді. 1XBET букмекерлік кеңсесі төмендегідей коэфициенттер ұсынып отыр: Альварестің жеңісі 1.06, Филдингтің жеңісі 9.2, тең нәтиже - 34.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары