$ 494.87  520.65  4.91

Ұлттық банк айырбастау пунктерін жазалауға уәде берді

Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов 19 тамызда сатып алу-сату бағамын түзеткені үшін айырбастау пункттерін жазалауға уәде берді. Бұл туралы "Казинформ" АА сілтеме жасап Skifnews.kz хабарлайды.

«Бізде валюталық режімнің бір кезеңінен екіншісіне өту аясында барлығын біліп қояды. Бұны «ақпараттың жайылып кетуі» деп айтады. Осының арқасында бұрынғы инфрақұрылымның агенттері пайда табуға тырысады. Айырбастау пункттерінің осындай іс-қимылы өрескел әрекет. Олардың тәулік ішінде сатып алу-сату бағамын ауыстыруға құқығы жоқ. Біз осы жайында арнайы шешім қабылдадық. Кеше заң бұзушылыққа жол бергендерді анықтап отырдық және осындай әрекеттер жазасыз қалмайды», – деді ҰБ басшысы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары