$ 490.84  536.88  5.04

Қарағанды облысында күйеуі әйелін өлтіріп тастады

Қарағанды облысында күйеуі өз әйелін өлтіріп тастады деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

3 қазанда Шахан ауылында өз үйінде 33 жастағы әйелдің мәйіті табылған болатын.

Қылмыскерді іздестіру барысында жәбірленушінің 40 жастағы күйеуі ұсталды. Айыпталушы өз қылмысын мойындады. Отбасылық жанжал кезінде ашуға берілген ол әйелін соққыға жыққан. Артынша оқиға орнынан қашып кеткен.

Қазіргі кезде айыпталушы уақытша қамау изоляторына қамалды. «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: Newtimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары