$ 498.34  519.72  4.85

Шерхан Мұртаза өмірден өткенде «Шаханов қайтыс болды» деп жар салған әкім орынбасары кешірім сұрады

Күні кеше Шерхан Мұртаза өмірден өткенде «Шаханов қайтыс болды» деп жар салған Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали көптен кешірім сұрады. Бұл туралы ол өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды.

«Құрметті достар! Кеше Қазақстанның белгілі жазушысы, қоғам қайраткері, ел ағасы Шерхан Мұртаза бақилыққа аттанды. Қазақ әдебиеті мен журналистикасының нар тұлғасы болып табылатын Шерағамыздың дүниеден өтуі, әрине, еліміз үшін орны толмас қайғылы оқиға.

Марқұмның отбасына, туыс-туғандарына, жақындарына көңіл айтамын!

Алайда, маған ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановқа байланысты бұрыс ақпарат келіп түсті. Асығыста, акпаратты тексермей жіберген қателігім деп мойындаймын! Шынымды айтсам, түнде Сол үшін дұрыс ұйықтамадым. Бүгін таңертең Мұxтар ағамызға xабарласып кешірім сұрадым! Ол кісі мені дұрыс түсінді, сіздер де дұрыс түсінеді деп үміттенемін. Тағыда кайталаймын, абайсызда, асығыста кеткен қателігім, айып етпеңіз.

Бар ғұмырын Қазақ елі үшін арнаған Шерағамыздың жаны жәннатта, иманы жолдас болсын», - деп жазды Иғали.

9 қазан күні Марат Иғали белгілі қаламгер, қазақ әдебиетінің классигі Шерхан Мұртазаның қазасына байланысты желіге көңіл айту жазбасын қалдырып, Мұхтар Шахановтың суретін жүктеп қойған. Кейін желі қолданушылары шулап кеткен соң, жазбаны түгел өшіріп тастады.

Еске сала кетейік, Шерхан Мұртазамен қоштасу 11 қазанға белгіленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары