21.08.2015, 06:09

Шекарадан заңсыз ақша алып өтпек болған әйел ұсталды

old.abai.kz

20 тамыз күні «Қорғас» шекаралық бақылау отрядының шекара наряды Көрші мемлекет аумағына қол сөмкесінде декларацияланбаған 3 300 000 теңге алып өтпек болған, 1967 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматшасын тоқтатты. Тәркіленген сома актімен ресімделіп, кеденшілерге берілді. 

Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.