$ 494.87  520.65  4.91

Жетісайда шаруалар шуынан соң мақта бағасы өсті

Түркістан облысының Жетісай ауданында 1 келі мақта бағасы 170 теңгеден 183 теңгеге өсті. Бұл туралы Азаттыққа аудан әкімінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдар Сейдәзім айтты деп жазады Азаттық.

Айдар Сейдәзімнің сөзінше, ауданда жұмыс істеп тұрған 94 мақта қабылдау бекеті қазір шаруалардан 1 келі мақтаны 183 теңгеден қабылдап жатыр. Бұдан бөлек, шаруаларға өткізген 1 тонна мақтасы үшін мемлекеттен 12 мың теңге субсидия берілетін болды.

Бұған дейін ауданда шаруалар мақта бағасының арзандығына, қабылдау пунктері 1 келі мақтаны 170 теңгеден алып жатқанына шағымданған. Шаруалар биыл өнім аз, түскен қаржы мақтаның күтімі мен оны жинауға кететін шығынды ғана жабатынын, ал өздеріне пайда қалмайтынын айтқан. Шаруалардың сөзінше, мақта бағасының бір келісін кем дегенде 200 теңгеге көтеру керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары