Қарағандыдағы «Сарыарқа» халықаралық әуежайының қызметкері мотоцикл жүргізушісін қағып өлтірді деп жазады Liter.kz.
Қайғылы жағдай әуежайдан 3 шақырым қашықтықта болған. Volkswagen тізгіндеген ер адам қарсы жолда келе жатқан Yamaha маркалы мотоциклді соққан. Ауыр жарақат алған байкер аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.
«Түнде басталған операция таңғы сағат 6-ға дейін созылды. Бірақ дәрігерлер оны аман алып қала алмады», - дейді Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.