$ 443.85  474.3  4.8

Түркістан облысының 32 жастағы тұрғыны өмірге үшем әкелді

Түркістан облыстық №1 перинаталды орталықта туған үшем бүгін перзентханадан шықты. Сарыағаш ауданының тұрғыны 32 жастағы Ұлжалғас Бақтыбаева 8 баланың анасы атанды деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айберік, Байсерік және Гүлсімді үйлерінде бес бауыры күтіп отыр. Сәбилер уақытынан бұрын туғандықтан, әрқайсысының салмағы 2,5 келідей ғана болған. Қазір анасының да, сәбилерінің де денсаулығы бірқалыпты, – дейді дәрігерлер. Көп балалы ана балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейді. Мерзімінен ерте дүниеге келген нәрестелерді дәрігерлер бір апта бойы жан-жақты бақылаған. Үшемнің ата-анасы орталық дәрігерлерге алғыс білдірді.

Дереккөз: ERNUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары