«Ұлттық тағам – ол әр елдің тарихы әрі мақтанышы. Бұл көп жылғы мәдениетпен сабақтасады. Бұл тағам дастарханға құрметпен қойылады. Туристерді ұлттық тағамды жаман деп жазғанда жергілікті тұрғындардың неге ренжитінін жақсы түсінем» , – деп жазды блогер.
Алайда саяхатшы өз сапарынан алған әсерін шын жазу керек екенін алға тартты. Оған Сингапурде де тағам ұнамаған екен. Ол елдің тұрғындары да мұны қабылдай алмаған. Саяхатшының айтуынша, ең дәмді тағам Испанияда. Ол өз блогында осы елдің ұлттық тағамы туралы тоқталып өткен. Испания елшілігі осы жазбаны оқыған соң саяхатшыны қабылдаған.
Граундвотер саяхатшыларға сапарда жүрген елінің ұлттық тағамы жөнінде ұнамсыз пікір жазбауға кеңес берді.
Дереккөз: Stan.kz