11.10.2018, 09:45

7 адам зардап шекті: Шымкентте ірі жол апаты болды

Шымкентте ірі жол апаты боп, 7 адам зардап шекті деп жазады Otyrar.kz.

Оқиға қазанның 9-ынан 10-ына қараған түні болған.

«Mercedes» пен «Toyota Camry» соқтығысып, салдарынан 2 жүргізуші мен 5 жолаушы ауыр жараланды. Барлығы да ауруханаға жатқызылды. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергу жүргізіліп жатыр», - дейді Шымкент қаласы ІІД-нің баспасөз хатшысы Әсел Сәденова.