2018 жылғы 11 қазан күні 14 сағат 40 минут 15 секундта Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин старт алаңынан орбитаға басқарылатын көліктік «Союз МС-10» кемесін алып шығуы тиіс «Союз ФГ» зымыран тасығышы ұшырылды деп жазады ҚазАқпарат.
Бірақ старт берілген соң бірнеше минуттан кейін Роскосмос сайтындағы тікелей көрсетілім үзіліп, диктор «зымыран тасығыштың апатқа ұшырағанын» хабарлады.
«Союз МС-10» кемесінің бортында Роскосмос ғарышкері Алексей Овчинин мен NASA ғарышкері Ник Хейг бар.
Ресей ғарыш саласы өкілдерінің айтуынша, экипаж аман, апаттық түрде шамамен Қазақстан аумағына қонады.
Қазғарыш қызметкерлерінің мәлімдеуінше, Байқоңырда апаттық жағдай жөніндегі комиссияның отырысы өтіп жатыр. Оның қорытындылары кейінірек белгі болады.