$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент сотының төрағасы тағайындалды

Ербол Рахымбеков Шымкент сотының төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің 2018 жылы 9 қазандағы №768 қаулысында айтылған деп жазады Tengrinews.kz.

Шымкент қаласының сот төрағасы болып тағайындалғанға дейін, Ербол Рахымбеков ҚР Жоғарғы сотта судья қызметін атқарған.

Ербол Рахымбековтің жасы 54-те. 2014-2015 жылдары қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы болды. Осы уақыт аралығында Ербол Рахимбеков бірнеше атышулы істерді қарады: Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы болған Мұрат Оспановтың ісі; бұрынғы ауыл шаруашылық вице-министрі Мүслім Өміряевтің ісі; елордалық кәсіпкер Қайрат Жамалиев («Әліби ісі»); өз әйелін өртеп жіберген Қанат Сәдуовтің ісі.

Сонымен қатар, Ербол Рахымбеков Астанада 18 жастағы қызды өлтірген үш құрбыны ұзақ мерзімге соттады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары