Алматыда жер асты өткелдерінің шатырында ұлу мүсініндегі арт-нысандар пайда болды деп хабарлайды халықаралық Park Fest фестивалінің ұйымдастырушылары.
Ұлулар Абай мен Достық, Абылай хан мен Қабанбай батыр, Абылай хан мен Гоголь көшелерінің қиылысындағы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ орналасқан Тимирязев көшесінде жер асты өткелдерінің шатырында пайда болды.
«Ұлулардың» авторы – италиялық Cracking Art арт тобы. Бүкіл әлемде Cracking Art қалалық инсталяцияларымен танылған ұйым 1993 жылы құрылған. Жобаның мақсаты - қаланы үлкен көрме алаңына айналдыру және экологияны қорғау.
Авторлардың айтуынша, ұлу – көрермендермен өзіндік ойын түрінің бірі. Шиыршық (спираль) адамның құлағына ұқсас, ал бақалшақ (панцирь) үйді меңзейді, ал «айқұлақ» «@» италиянша ұлу деп аударылады екен. 13 қазанда Алматыда қосымша ұлу инсталяциялары пайда болуы мүмкін.
Дереккөз: Тengrinews.kz