Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылында 24 жастағы 2 жігіт 3 мың теңге үшін көршісін пышақтаған.
Оқиға 7 қазан күні түнде болған. Ішімдікке тойып алған екі ер адам 46 жастағы көршісінің үйіне басып кіріп, тінтіген. Жәбірленушінің кеудесі мен арқасына пышақ ұрып, үй иесінің қолындағы 3 мың теңгені тартып алған. Кетіп бара жатқанда 2 күннен соң келетіндерін айтып, 20 мың теңге дайындап қоюын тапсырған.
Араға екі күн салып келгенде бұзақылардың бірін полиция қолға түсірді. Екіншісі қашып кеткен.