$ 483.23  534.74  5.12

Төсек қатынасы кезінде ерлерді ашуландыратын жайттар

Ерлер төсек қатынасында көп нәрсеге көңіл бөлмейді деген сөз бар. Дегенмен, кез келген әйел мейірімі, мінезі, сұлулығымен ғана емес, ерлерді төсектегі қылықтарымен де қызықтыратыны сөзсіз. Сонымен, төсек қатынасы кезінде ерлерге не ұнамайды?

Оның құштарлығы бір ақ рет оянады

Жоқ, оның сізге деген құштарлығы кез келген жерде ашылуы мүмкін. Еріңіз сізбен кез келген жерде жыныстық қатынасқа түскісі келіп кетуі мүмкін. Үйге жұмыстан шаршап келсе де, ол басқа, сіз басқа нәрсені ойлап отыруыңыз мүмкін. Жай ғана беттен сүйіп амандасудың өзінен онда құштарлық пайда болуы мүмкін.

Оның киімін шешуге тырыспау

Кейде еріңіздің аяқ киімін немесе шұлығын шешіп берген де пайдалы. Әйел адам ерінің үстіндегі киімдерін шешсе де, ешқашан оның аяқ киімін немесе шұлықтарын шешуге бас қатырмайды. Бірақ сол әрекетке бару арқылы сіздің абыройыңыз түспейді, керісінше, еркектер ондайда аса жоғары бағалайды.

Оны асықтыру

Кейде ер адам қаншалықты құмарланса да, ол төсек қатынасын аяқтағысы келмейтін кездер болады. Ал әйелдің ықылассыздығы немесе оны асықтыруы еркекті ашуландырып тастауы мүмкін.

Әйелдің ләззат алмай қалуы

Төсек қатынасы кезінде ерлер әйелдердің де қамын ойлағанды жақсы көреді. Олар әйелдің ләззат алуына аса мән беріп, оны қамтамасыз ете алмаса ашулана бастайды.

Тиісті уақытында аяқтай алмай қалса

Бұл жас әйелдер үшін күлкілі болып көрінуі мүмкін. Бірақ төсекте тәжірибесі барлар еріне мұндай кезде баса көңіл бөліп, оған көмек жасайды. Бірақ аса ерке келіншектер орта жолдан ұрысып қалып, оған аяқтауға мүмкіндік бермеуі де мүмкін.

Төсек қатынасы кезінде әр нәрсеге алаңдап, оның оянған құштарлығын сөндіру

Жыныстық қатынас кезінде әңгіме айтқысы келіп кететін қыздар да болады. Ері оның әңгімелеріне қанша ден қойғысы келсе де, ашуланып, ренжіп қалуы да мүмкін. Мұндай маңызды кезде оны қалай сүйетініңізді айту ғана орынды.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары