$ 494.87  520.65  4.91

Ер адам мен әйел жұрттың көз алдында Ертіс өзеніне батып кетті

Өскеменде ер адам мен әйел жұрттың көз алдында суға батып кетті деп Устинка LIVE.

Оқиға 12 қазан күні сағат 17:40 шамасында болған.

Балықшылар әйел мен ер адамның суға шомылып жүргенін көрген.

«Ер адамның «құтқарыңдар» деген даусын куәгердің бірі естіген. Бірақ екеуі де жағадан ұзап кеткендіктен арнайы құтқару қызметіне қоңырау шалған. Құтқарушылар 32 жастағы әйел адамды жағаға шығарып үлгерді. Бірақ қайтыс боп кеткен. Ал 46 жастағы ер адамның өлі денесін судың астынан шығардық», - дейді Өскемен қалалық ТЖБ-ның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметіндегілер 2-еуінің сөмкелерін тапқан. Ішінде жеке бастарын анықтайтын құжаттары да бар екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары