13.10.2018, 12:28

Шымкентте ер адам қызын теледидар қарауға кедергі жасағаны үшін пышақтап тастады

58 жастағы Шымкент тұрғыны асханалық пышақпен 28 жастағы қызын пышақтады. Қызы теледидар көруге кедергі жасаған. Әйел ауруханаға арқа тұсындағы ауыр жарақаттарымен түсті. Дер кезінде көмек көрсетілген соң, ол аман қалды деп жазды Stan.kz.

Абай аудандық соты 58 жастағы ер адамды 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот Элеонора Бақырованың айтуынша, тергеу жұмыстары кезінде ер адамның кінәсі дәлелденді. Алайда ол ауыр жарақаттар алған қызына алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдемді шақыртқан. Ер адам қызының емін төлеп, ауруханаға жиі келіп тұрды. Сотта ол өз кінәсін толықтай мойындап, өкінетінін көрсетті. Қыз әкесін кешіретінін мәлімдеді.

Сот шешім шығарарда осыны ескерді.