24.08.2015, 10:58

Конституция күні қазақстандықтар үш күн демалады

sabaqtar.kz

Конституция күні қазақстандықтар үш күн демалады. Бұл жолы ҚР Ата заңы қабылдануының 20 жылдығын мерекелеу жексенбі күніне түсіп отыр.

Қазақстандық заңнама бойынша демалыс және мереке күндері дөп келсе, мерекелік күннен кейінгі жұмыс күні демалыс болып жарияланады.

Осылайша, электрондық үкімет порталында жарияланған 2015 жылғы мерекелер күнтізбесіне сәйкес, ел тұрғындары 29, 30 және 31 тамыз күндері демалады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумда қабылданған.