15.10.2018, 03:18

Екібастұзда отбасылық жанжалдан кейін жас қыз пышақ жарақатынан қайтыс болды

10 қазан күні Екібастұзда отбасылық жанжалдан кейін жас қыз пышақ жарақатынан қайтыс болды деп жазады pavon.kz.

Қайғылы жағдай жәбірленушінің достарының бірінің үйінде болған.1992 жылғы қыз отбасылық жанжалдың құрбаны болды.

Осы іске қатысты ҚР ҚК-нің «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Күдікті ретінде 31 жастағы ер адам тұтқындалды.