$ 444.22  476.38  4.82

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетіндегілер Facebook әлеуметтік парақшасында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ескерту жасады.

«Абайлаңыз – көктайғақ! Құрметті жол жүрісіне қатысушылар! Алдымыздағы бірнеше күнде, еліміздің кейбір өңірлерінде синоптиктер жолда қардың қалың түсуі мен көктайғақтың болуын болжап отыр. Осыған байланысты, көлік құралының жүргізушілеріне жолда өте сақ болуы керек екенін, әсіресе балалардың оқу ошақтарының жанында, қоғамдық көлік аялдамаларында жылдамдық режимін, ара-қашықтықты және Жол жүрісі қағидаларының басқа талаптарын сақтау керек екенін еске саламыз», - делінген 14 қазанда жарияланған хабарламада. 

Дереккөз: Тengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары