$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында ер адамға мүгедек қызды зорламақшы болды деген айып тағылды

 

Оқиға Түркістан облысындағы Сайрам ауданында болған. 16 жастағы қызы мен жалғызбасты ана тұрып жатқан үйге мас күйінде 40 жастағы көршісі келген деп жазады NUR.KZ.

Кәмелет жасына толмаған қыз үйдің ауласында жалғыз отырған екен. Оның қорғансыздығын пайдаланған ер адам қызды жерге жатқызып, онымен жыныстық қатынасқа түспек болады.

Алайда, бұл жағдайды көріп, қызына көмектеспекші болған анасын айыпталушы ұра жөнелген. Оның шыңғырған дауысын естіген басқа көршілері көмекке жүгіріп келген. Артынша полицияға хабарласып, тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады.

«Ол екі айға қамауға алынды. Айыпталушы өз кінәсін әлі мойындаған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Сайрам аудандық сотының қылмыстық істері жөніндегі судьясы Әбдусейіт Әшірбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары