$ 498.34  519.72  4.85

Астанада қонақ үйден ҰҚК қызметкерінің өлі денесі табылды

Астанадағы «Аланда» қонақ үйінен ҰҚК қызметкерінің өлі денесі табылды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған.

«Астана қалалық ІІМ тергеу бөлімінің мәліметінше, Тәуелсіздік даңғылы 33-те орналасқан «Аланда» қонақ үйінің 615-бөлмесінде таңғы сағат 9:35-те денесі скочпен оралып, кісен салынған ҰҚК-нің қызметкері өлі табылды. Марқұм түнгі сағат 02:30-де жұбайына қоңырау шалып, маңызды кездесуде болатынын, отбасын қатты жақсы көретінін айтқан», - делінген хабрламада.

Астана қалалық ІІД қандай да ақпарат беруден бас тартты. Ресми хат жолдауды сұрады.

Ал қонақ үй қызметкерлері «бұл сұраққа тек басшылық жауап бере алады» деп қысқа қайырды.

Дереккөз: NewTimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары