$ 498.34  519.72  4.85

Ақтауда пәтерден 16 жастағы жеткіншектің өлі денесі табылды

Ақтауда 9-шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен 16 жастағы жеткіншектің мәйіті табылды деп жазады Lada.kz.

15 қазан күні түнде жедел жәрдемге хабар түскен. Медицина қызметкерлері бірден оқиға орнына жетеді.

Алайда, екінші қабаттағы пәтерде ессіз жатқан жеткіншек дәрігерлер келгенше қайтыс болып кеткен.

Марқұмның өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары