Келесі оқу жылынан бастап колледж тәмамдаған студенттер жоғары оқу орнын 2-3 жыл ішінде бітіре алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты деп жазады Sputniknews.kz.
Бұған дейін бірқатар отандық БАҚ-та жоғары оқу орындарында оқу мерзімі қысқарады деген ақпарат тараған болатын.
«Ол тек колледж бітіргендерге ғана арналған. Жоғары оқу орындары колледждердің оқу бағдарламаларының кредиттерін есепке алса, енді төрт жыл оқымай, екі-үш жыл ішінде бітіруге болады», — деді министр үкімет кулуарында.
Сағадиев жаңа өзгеріс 2019 жылы, жаңа оқу жылында күшіне енетінін атап өтті.
«Қазір құжаттарды бекітіп, біртіндеп енгізетін боламыз», — деді ол.