$ 448.81  476.82  4.77

Ақмола облысында мектепте қазандық жарылып, от жағушы күйіп қалды

Ақмола облысының Сандықтау ауданындағы мектептердің бірінде қазандық жарылып, от жағушы күйіп қалды деп хабарлайды Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Сандықтау ауданында мектептің жанында орналасқан қазандықта жарылыс болды. Алдын-ала мәлімет бойынша, оқу ғимаратына жылу беретін қазандық жарылған. Жарылыс кезінде от жағушы күйіп қалып, ауруханаға жатқызылды.

Дегенмен, мектеп әдеттегідей жұмыс істеуін жалғастыруда. Оларда қосалқы қазандық болғандықтан мектепке жылу қайта берілді, балалар да ешқандай жарақат алған жоқ.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары