18.10.2018, 11:38

Назарбаев Бельгия Королімен кездесті

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Королі Филиппен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бельгияның саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Бельгияны әуелден өзара түсіністік пен құрметке негізделген достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

Дереккөз: Sputniknews.kz