19.10.2018, 04:36

Павлодарда бір-біріне соқтығысқан екі көлік түгелімен жанып, бір жүргізуші қаза тапты

Бүгін түнде сағат 00:20 Байдалы ауылына қарсы бағыттағы Павлодар-Семей тас жолында «ГАЗель» және «Лада» көліктері бір-біріне соқтығысты деп хабарлайды Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі.

Соқтығысу салдарынан «Лада» автокөлігі мен «ГАЗель» түгеліпен жанып кеткен.

«Лада» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Қазіргі кезде «Жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын басқаратын тұлғалардың көлік құралдарын пайдалану» бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жол-көлік оқиғасының себеп-салдары анықталуда.

Дереккөз: Newtimes.kz