$ 487.37  532.94  5.09

Алматыда кеудесіне пластикалық операция жасатқан әйел көз жұмды

Кеудесіне пластикалық операция жасатқаннан кейін Орталық қалалық клиникалық ауруханада 8 қазанда қайтыс болған алматылық әйелге қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды деп жазады Sputniknews.kz.

Медициналық мекемеге 3 қазанда «дірілдеуік синдромымен» түскен. Пластикалық операция жеке емханалардың бірінде жасалыпты. Бұл жайында Алматы қаласы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова айтып берді.

Оның айтуынша, қазір осы екі медициналық мекеме бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

«Сараптаманы тәуелсіз мамандар жасайды. Әйел NOA Estetique пластикалық және лазерлік косметология орталығы базасындағы операция кезінде пайда болған дірілдеуік синдромымен ауруханаға түсті. Бастапқы деректер бойынша, анестезиологиялық препарат солай әсер еткен болса керек. Қазір Алматы қаласының ішкі істер департаменті тергеу жүргізіп жатыр», — деп мәлімет берді басшы телефон арқылы.

Басқа дереккөз хабарлағандай, әйелге жергілікті анестезия беріп, үрпіні қалыптастырып жетілдіретін операция жасалған.

Отаны хирург Дмитрий Писарев жасапты. Бұл дәрігерге қатысты Алмалы аудандық сотында басқа іс бойынша сот талқылауы өтіп жатыр: 2016 жылы липосакция жасатқан тағы бір әйел – 34 жастағы Дана Ағамұратова қайтыс болған еді.

Белгілі болғандай, Писарев еш жерде жұмыс істемейді. Өз еркімен жұмыстан шығып кетіпті. Емхана да бұл мәліметті растады.

Көз жұмған әйел 30 жаста еді, аты – Лаура. Отбасындағы жалғыз қыз екен. Расталмаған деректерге сүйенсек, қазақстандық әуекомпанияларының бірінде борт серігі болып қызмет еткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары