$ 481.84  531.33  5.07

Қазақстанда мемқызметкерлердің компьютерлері жұмыс уақыты аяқталғанда автоматты түрде өшіп қалады

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев сегіз сағаттық жұмыс күнінен кейін мемлекеттік органдардағы компьютерлердің өшірілуін қадағалауды тапсырды деп жазады ҚазАқпарат.

«Барлық мемлекеттік органдарға өзгермелі кесте мен сегіз сағаттық жұмыс күніне кейін мемлекеттік органдардағы компьютерлердің автоматты өшірілуін енгізу қажет. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы тарапынан сын айтылды. Барлық дерлік меморгандар мұны қолдады, 18:30-да компьютерлерді өшіруді орталықтандыру мәселелері шешілді. Енді мұны қадағалау керек. Біз мемлекеттік қызметшілердің жұмысы мен жеке өмірі арасындағы теңгерімді сақтауымыз керек», – деді Шпекбаев 2018 жылдың екінші жартысындағы жұмыс қорытындысына арналған кеңейтілген алқа отырысында.

Сонымен бірге, Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметшілердің электронды құжат айналымы жүйесіне қолжетімділігін қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы айтып берді.

«Жаппай «бұлттық» технологиялар енгізіліп жатқанда, біз мемлекеттік қызметшілерді кабинетке байлап, басқару шешімдерін қабылдауда қажетсіз әуре-сарсаңға салып жатырмыз», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары