$ 448.15  483.46  4.86

Астана полицейі бір әйелді босандырып алды

Елордалық полицей Астана бекетінде толғағы келген келіншекті босандырып алды. Бұл туралы Skifnews.kz Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 тамызда сағат 16.00 шамасында патрульдік полицейлерден «Ауди» көлігінің жүргізушісі көмек сұрайды. Ер адам әйелінің толғағы келіп жатқанын, ауруханаға жетіп үлгермейтінін айтады. Полицейлердің бірі жедел жәрдем қызметін шақырып, ол келгенге дейін әйелді өзі босандырып алып, нәрестінің кіндігін кеседі. Оқиға орынына келген жедел жәрдем нәресте мен оның анасын перинаталдық орталыққа жеткізген.

Анасы мен баласының жағдайы жақсы екендігі хабарланды. Нәресте 3 келі салмақпен туылған, анасы да дәрігерлердің қарауында. Бұл әйелдің бесінші баласы екен.

«Келіншекті босандырып алған Бақыт Әлімқұлов та бес баланың әкесі. Ол осыған дейін де бекетте бірнеше рет әйелдерді босандырғанын айтты», - деп жазылған ведомствоның баспасөз хабарламасында.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары