«Ауыл» партиясы бүгін жаңа басшысын сайлады, деп хабарлайды Skifnews.kz
Астанада өткізген кезектен тыс құрылтай барысында осындай шешім қабылдады. Партияны құрылғаннан бастап 13 жылдан артық уақыт басқарған Ғани Қалиевтің жаңа жұмысқа ауысуына байланысты оның орнына Әли Бектаев сайланды.
«Қазақстанның алдында жан-жақты жаңғыртуды жүзеге асыру, әлемдегі барынша дамыған отыз елдің қатарына кіру міндеттері тұр. Сондықтан «Ауылды» жаңа көзқарастағы, жаңа идеялары мен бастамалары бар көшбасшы басқаруы тиіс», – деп атап өтті Қалиев.
Бектаев парламент сенатының депутаты және өз уақытында «Ауыл» ҚСДП құрылған кезеңнен бастап ОҚО-дағы партия филиалын алғаш болып басқарған.