Шымкентте Қабанбай батыр көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірін тілсіз жау шарпыды. Пәтердің ішінде төсек тартып жатқан зейнекер қалып қойған деп жазады Zakon.kz.
Терезеден шыққан түтінді көрген көршілер бірден өрт сөндірушілерге хабарласады. Алайда, мүгедек кісіні құтқара алмаған. Өйткені пәтердің есігі ішінен кілттеулі болыпты. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенше ер адам тірідей жанып кеткен.
Марқұмның екі баласы үйден өрт шыққанын көршілерінен естіп жылдам келгенімен, әкелерін құтқарып үлгермеді. Оның тірідей жанып кеткенін естіген қызы өзін жоғалтып алған.
Жалын пәтердің жартысын шарпып үлгерген. Қазіргі кезде өрттің болу себеп-салдары анықталуда.