Үндістанда пойыз мерекеге қатысып жатқан халықты басып өтті. Бұл туралы www.bbc.com жазады.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, оқиға Үндістанның солтүстігіндегі Пенджаб штатының Амритсар қаласында болған. Пойыз меркеге қатысып жатқан халықты басып өтіп, оқиғаның салдарынан 60 адам мерт болып, 100-ге жуығы жарақат алған. Бұл туралы Би-би-сиге жергілікті полиция хабарлаған.
Қайғылы жағдай болған жерде индуистердің басты мерекелерінің бірі – Дусшера, яғни мейірімділіктің зұлымдықты жеңу мейрамы өтіп жатқан. Пойыз қаққанда жүздеген адам рельсте тұрып сайтандар королі Равананың бейнесіндегі қуыршақтың өртенгенін бақылап тұрған, деп хабарлаған Би-би-си тілшісіне оқиғаның куәгерлері.
Олар сонымен қатар қуыршақтың жарылғыш заттарға толы болғанын, соның даусынан мерекеге қатысушылардың пойыздың келе жатқанын байқамай қалғандығын айтты. Бұл жерде халықты толғандырып отырған басты сауал – неге машинист құрамды тоқтатпады деген мәселе болып отыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат