Қостанай облысында жантүршігерлік қылмыс болды. Ер адам танысын балтамен ұрып, артынша баумен буындырған деп жазады Nur.kz.
Жұмыстан оралған 24 жастағы жігіт өзін көп уақыттан бері ренжітіп жүрген танысына баруды ұйғарған. Сөйтіп одан өшін алмақшы болыпты. Үйіне келіп есік қаққан, алайда ешкім ашпаған. Бір уақытта үйдің терезесінен оның достарымен бірге дастарханда отырғанын көреді. Терезені қағып өзінің келгенін білдірген. Алайда әлгі барлығының көзінше жігіттің көңіліне тиетін сөздер айтады.Бойын ашу кернеген ол танысының достары кеткенше күткен. Содан кейін масайып қалған оны көшеге шақырып, үстіне бір шелек су құйып жібереді. Ары қарай марқұмды үйге сүйреп, басынан және арқасынан балтамен 7 рет ұрған. Қатты соққыдан тізерлеп құлағанына қарамастан жігіт танысын бірнеше рет сабайды. Одан кейін шорты киіміндегі бауын шешіп алып, буындырған. Қылмыскер өз ісін тындырған соң үйіне кетіп қалады. Ал ер адам оқиға орнында көз жұмған.