20.10.2018, 11:21

Қостанай облысында 750 мың теңге пара алған аудан прокуроры ұсталды

Бас прокуратура өз қатарындағы жемқорлыққа қарсы тұру үшін жүйелі түрде шаралар қолданып отыр деп хабарлайды ведомстовның баспасөз қызметі.

Қазан айында Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті Алматы облысы Қарасай ауданының прокуроры Д.Аязбаевтың аумағы 6 гектар болатын 102 жер телімінің пайдалану мақсатын өзгерту және қайта рәсімдеу ісіне заңсыз араласқанын анықтады. Аязбаев өз билігін асыра пайдаланғаны үшін оның ісі сотқа беріліп, өзі прокуратура органынан жұмыстан қуылды. Сондай-ақ арнайы дәрежесінен де айырылды.

Ал заңсыз рәсімделген жер телімдері мемлекеттік жер қорына қайтарылды.

Сонымен қатар, 19 қазан күні Ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Қостанай облысы Таран ауданының прокуроры М.Ж.Шалабаевты жергілікті кәсіпкерге «қамқорлық» көрсету үшін 750 мың теңге пара алып жатқан сәтінде қолға түсірді.   Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Шалабаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Дереккөз: ҚазАқпарат