Түркістан облысында жеке тұрғын үйден өр шығып, әйел адам өртеніп кетті деп хабарлайды ҚР ІІД ТЖК-нің баспасөз қызметі.
Оқиға 20 қазан күні түнде болған.
«Түркістан облысы Сайрам ауданы Қасымбет Датқа ауылындағы жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны жайлы хабар 101 пультіне түнгі сағат 00:19-да түсті. Оқиға орнына 4 техника мен 18 өрт сөндіруші қызметкері барды. Өрттің жалпы аумағы - 120 шаршы метр. Қызыл жалын 2 сағатта өшірілді. Үйден 1971 жылғы әйел адамның өлі денесі табылды», − дейді төтеншеліктер.
Ведомстоның ақпаратына сүйенсек, өрт темекіден тұтанған.